Жаңа сандық сервистерді таныстырды

494

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуына еліміздегі екінші деңгейлі банктер де үлес қосуда. Айталық, күні кеше Астана қаласында екінші ForteDay өтті. Тұсаукесерде қазақстандықтарға – тек ForteBank клиенттеріне ғана емес, сонымен қатар банктік қызметтердің барлық пайдаланушыларына өмір сүруді жеңілдететін жаңа қызметтер мен банктің жаңартылған сервистері ұсынылды. ForteDay жылына екі рет өтеді, осы жолғы қысқы іс-шарада банк өкілдері іске қосылған инновациялық қызметтер туралы айтты.

ForteBank өзінің мобильдік қосымшасына augmented reality (AR) технологиясын енгізді. AR көмегімен клиенттер жақын жердегі банкоматты, бөлімшені таба алады, банк серіктестерінен қызықты ұсыныстарды көре алады, өз табыстары мен шығындарын әртүрлі деңгейде тексере алады.

«ForteBank клиенттері үшін үздік инновациялық қызметтер жасауға ұмтылады. Біз кез келген банктің клиенттері пайдалана алатын қосымшаны әзірледік және қосымша нақтылық технологиясын өз қосымшасына енгізген бірінші банк болдық. Осы жылы біздің клиенттеріміз екі есе көп төлем жасап, ұялы қосымшадағы аударымдардан үш есе көп ақша жинады, ал телефонға жүктелген қосымшалар саны 1 000 000-нан асты», дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Банктің мобильді қосымшасына Talk in атты виртуалды көмекші қосылды, ол банк өнімдеріне қатысты сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар Қазақстанда немесе шетелде болғанына қарамастан, интернет трафигі болмаған жағдайда да жақын туыстарымен және достарымен қолданба чатында сөйлесе алады.

Онлайн несиелеу қызметі ForteBank клиенттеріне қолжетімді. Егер бұрын клиент қажетті нысандарға қол қойса, онда ол 5 минут ішінде мақұлданған соманы біліп, банк бөлімшесіне бармай-ақ сол күні несие ала

алады. Несие үйге де жеткізіледі. Сондай-ақ, Freemarket онлайн дүкенінде теледидар, смартфондар, киім және үйге арналған тауарлар сатып алуға болатын алаң бар.

Жаңа интернет-банкинг енді кәсіпкерлер мен бизнес иелері үшін қолжетімді. Бұл қосымша клиенттердің тілектерін ескере отырып жасалған. Forcestart – банк картасын, жедел қысқа мерзімді несиелерді, интернет-банкинг және ПОС-терминалды қамтитын арнайы тарифі бар бастаушы кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныс.

«Біз алдымызға қойған үлкен міндет – біз Қазақстандағы бизнестің дамуына көмектескіміз келеді. Бүгінде бізге 75 000-нан астам компания сенеді, тек осы жылы клиенттер саны 30 пайызға артты. ForteBank кәсіпкерлер үшін жеке кеңселер салатын Қазақстандағы жалғыз банк болып табылады», деп атап өтті Гурам Андроникашвили.

Сонымен қатар ForteBank бизнес үшін жаңа өнімді іске қосады, ол – ForteKassa. Бұл шешім сауда нүктесін автоматтандырады және сатуға, базалық есепке алуға және қызметкерлерді басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық шешім екі бөліктен тұрады: сатушыларға арналған қосымша және бизнес иесіне арналған жеке кабинет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.