Жүректе қалар жарқын бейне

389

«Тумақ барда өлмек бардың» бұлжымайтын заң екенін білсекте мына жалған дүниенің аз күнгі жарығын кім оңай қиып кетер дейсің…Бірақ,әрбір істі адамның «Осы өмірде не бітірдім?» деген сұрақ айналасында толғанбайтын жан жоқ шығар.Әрине,өзінен кейін өмірге саналы ұрпақ қалдырып,солардың болашағы үшін адал еңбек етіп,өнеге көрсетіп өмірден өту –кез келгеннің талайына жазылмаған тағдыр.Өлген соң да жақсы ісінің ағайын-туғанның ғана емес,өзіңмен қанаттас қызмет істеген әріптестеріңнің де жүрегінде сақталғаны бір бақыт шығар.Айтпағымыз,жуырда ғана жарық дүниеден өткен Төлек Маскеуұлы Бұзауов айналасындағыларға осындай жақсылық нұрын шашаып жүретін ақжарқын да адал азамат еді.
Төлек Маскеуұлы Бұзауов азамат үшін нағыз кемел шақ болып саналатын 48-ге де толмай кетті өмірден.Бірақ оның тіршілігінде атқарған еңбегі ел есінде қалатындай өнегеге толы болды.
Әділет палковнигі Бұзауов Төлек Маскеуұлы 1972 жылы 22 шілдеде Коммунар савхозы Сарысу ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1979-1989 жылдары Коммунар медециналық училищесін бітіріп, еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылының орталық емханасынан бастаған.
2003 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент колледжін ,2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясын «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ»мамандығы бойынша бітірген.
Ішкі істер органдарында 1996 жылдың 23-қарашасынан бастап, 22 жыл қызмет етті. Төлек Маскеуұлы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесінің түрлі лауазымдарында қызмет атқара жүріп, ұйымдастырушылық және адамдармен тіл табысу қабілетінің жоғары екенін көрсете білді.
Өзінің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, ЖД-158/5 мекемесінің бастығы лауазымына дейін көтерілді.Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесінің өркендеуіне өзінің зор үлесін қосты.
Төлек Маскеуұлы кең пейілді, ақ жүректі нағыз азамат еді. Әрбір қызметкердің өмірі үшін қам жеп, рухани және материалдық жағынан көмек көрсетуге әрдайым дайын тұратын.
Қызмет атқару барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Төлек Маскеуұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі, ҚАЖ комитетінің және облыстық департаменті басшылығымен 25 рет марапатталған, «Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ең үздік қызметкері», «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгілерімен және І,ІІ,ІІІ-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/5 мекемесінің ұжымы марқұмның жұбайы мен балаларына,туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып,көңіл айтады.
Төлек Маскеуұлы көпшілікке шыншыл,адал,талапшыл басшы,сенімді дос,үлгілі әке,қиын сәттерде қол ұшн беруге дайын тұратын мейірбан азамат ретінде танымал болды.Төлек Маскеуұлының жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде мәңгілік сақталады.
Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәттан болсын!Алла алдынан жарылқасын.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
ЖД-158/5 мекемесінің САӘПТЖБ жасақ бастығы
әділет аға лейтенанты
Венера Қаракозова және мекеме ұжымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.