Кеселдің алдын алу — көпшіліктің міндеті

27

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерімен өткен басқосуларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы түсіндіріліп, арнайы дәрістер оқытылуда. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында әр күн сайын таңертең жеке құрамға нұсқаулықтар жеткізіледі.

Бұл дертті жою жолын жеке құрам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірі осындай жиындар болса керек.

Әсел Ильясова,

ЖД-158/1 мекемесі режим және күзет бөлімінің инспекторы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.