Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты

84

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты: 14 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Токиода Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері жапондық JEOL Ltd. және Interactive Corporation компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжат ғылыми әріптестікті дамытуға, университеттің ғылыми және зертханалық базасын нығайтуға, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған. ЕҰУ атынан меморандумға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай қол қойды.

Келісімге сәйкес, тараптар бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Атап айтқанда, заманауи ғылыми жабдықтарды сатып алу, консультациялық-сараптамалық қолдау көрсету, семинарлар мен воркшоптар өткізу, сондай-ақ мамандандырылған тренингтер ұйымдастыру көзделген.

«Құжатқа қол қою Қазақстан мен Жапония арасындағы ғылым, білім және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бағытын айқындайды. Жасалған меморандум ЕҰУ үшін зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртуға, құзыреттер алмасуға, заманауи аналитикалық шешімдерді енгізуге және жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл университет үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және өз позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті проректор Ардақ Бейсенбай.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279750-gylymga-serpin-euu-zaponiiamen-bailanysyn-nygaitty

Leave A Reply

Your email address will not be published.