Таразда «Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі болған Қазақстан» форумы өтті

1 325

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі қалада Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру аясында «Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі болған Қазақстан» атты форум өткізілді.

Форумға Тараз қаласының мұғалімдері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері және облыстың өзге ұлт этностары қатыстырылды. Форумның арнайы қонағы ретінде Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Максим Рожин шақырылды.

Максим Рожин өз сөзінде «Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен» деген ізгі тілектерін білдірді. Келесі қонағымыз облыстық «Ақжелкен» жастар қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Ахметов Алихан сөз сөйледі. Ол сөз барысында аймақтық ассамблея тарихы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанға дейін бірнеше этномәдени бірлестіктердің құрылуымен басталатындығын. Бірінші рет облыста грек, өзбек,түрік, шешен-ингуш, кәріс,ұйғыр,неміс, украйн және орыс қауымдастығы құрылып жұмысын бастады. Бүгінгі таңда аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған. Ассамблея құрамына аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ кіретіндігін атап өтті. Форум Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында өткізілді.Форумға 150 ге жуық адам қатыстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.