14157 әскери бөлімінде “ашық есік” күні өтті

611

«Жастар әуе орталығы» әскери –патриоттық клубы 14157 әскери бөлімінде «Ашық есік» күніне қатысты.

Бұл әскери-патриоттық клубтың алға қойған мақсаттары мен талаптары таудай. Клубтың мақсаты – еліміздің нағыз патриоттарын, кәсіби ұшқыштар мен пилоттарды, штурмандарды және әуе спортшыларын тәрбиелеу.

14157 әскери бөлімнің әскери-ұшқыштары клуб тәрбиеленушілерін ұшқышсыз әуе көлігімен таныстырып, оның ұшу-тактикалық мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, тік ұшақтар мен қару-жарақтарды көрсетті.

Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жөніндегі орынбасары майор Альберт Аллаяров балаларға бөлімдегі ұшқыштардың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

 ZhambylNews

Leave A Reply

Your email address will not be published.