Таразда «Астана – әлемге танылған мәртебелі бас қала» атты конференция өтті

739

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – әлемге танылған мәртебелі бас қала» атты конференция өтті.

Конференция жұмысына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, орта арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп директорлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Орынқыз Джолдасова ашып, жүргізіп отырды.

Конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ақжол Қалшыбек, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық-имидждік бөлімінің басшысы, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Қаржаубай Бекболатов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа,  «Жас Отан» Жастар қанатының жамбыл облыстық филиалының төрағасы Уалихан Болатбектер сөз сөйледі.

arainews.kz

ТарМПУ-де Астананың 20 жылдығына арналған конференция өтті

Leave A Reply

Your email address will not be published.