Таласта 5 ауылға ішкі газ тарту жұмыстары жүруде

500

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов аудан халқының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, есеп берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан есепті жиында Бақыт Алпысбайұлы аудан елдімекендерін газдандыру жайына кеңінен тоқталды.

– Аудандағы 24 елдімекенің Қаратау қаласы мен 14 ауылдық елді мекеніне газ құбыры тартылған. Жалпы газ құбыры тартылған 14 елдімекеннің 9-ында 1554 үй газға қосылған.

Ауданның 5 елдімекені – Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайырға таратылатын газ құбырын салуға 2018 жылы 2 млрд. 344 млн. 588 мың теңге бөлінген. 2019 жылы 220 млн. 840 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Аталған елді мекендерінде ішкі газ тарату желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 43 012,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар биыл мәресіне жетеді деп күтілуде, – деді Б. Қазанбасов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.