Сыбайластықпен күресте сылбырлыққа жол берілмейді

345

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді. Халықаралық аренада еліміздің жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.

Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді. Сыбайлас жемқор және адал кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсерін тигізеді. Сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді. Атап айтқанда халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.

Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік қызметтер қағидаттары негізінде жұмыс жасау, сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу, көрсетілетін қызметті алушыларға қандай да бір кемсітусіз тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ашықтық, қолжетімділік туралы қағидаттарын әрбір қызметкер есте сақтауы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың адын алу және анықтау, олардың жолын кесу, ашу, зардаптарын жою және жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдарда лауазымды қызеткерлерді және басқа да тұлғаларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі тақырып елдің болашағы ғана емес, әрқайсымыздың тағдырымыз да байланысты. Қоғамда жемқорлықпен ел болып күресіп жатқанымызбен, қолындағы билігін пайдаланып, реті келсе «бармақ басты, көз қыстының» керін жасап, жеңіл пайдамаен құныққандар кездеседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуда қоғамда жалпы қарсылықты қалыптастыру маңызды бағыттар болып танылады.

Адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін күрделі және қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның

Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»

Тараз қалалық №2 бөлім

Leave A Reply

Your email address will not be published.