Жамбылдық еңбек жасақтары жазғы жұмыс маусымын аяқтады

480

Бүгін «Студенттік құрылыс жасақтары» мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының 15-ші жазғы еңбек маусымы тәмамдалуына байланысты Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде жабылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында Үздік болып танылған жастар бағалы сыйлықтар иеленіп, белсенді сарбаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, «Өнерлі сарбаз» номинациясы Абзал Бесарашқа тапсырылса, «Спортшы сарбаз» номинациясының иегері Бауыржан Таңат болып танылды. Сондай-ақ, «Үздік сарбаз» номинациясын Темірхан Шоқанбаев, «Үздік командир» номинациясын Дархан Төленді, «Үздік жасақ» номинациясын «Жасыл ел» бағдарламасынан Диас Сейітқұловтың  командирлігімен «Жасыл қала» отряды қанжығалады. Ал, «Студенттік құрылыс жасақтарынан» аталған номинацияға Дулат Башир бастаған «Құрылысшы» отряды лайық деп танылды. Ал биылғы еңбек маусымының «Ең үздік жасағы» атағына Жасұлан Пернеқұл жетекшілік еткен «Green world» отряды лайық деп танылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.