Сотталғандар спорттың бірнеше түрінен сынға түсті

104

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 қоныс колониясында сотталғандар арасында моральдық-психолниялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға аталған мекемедегі 63 сотталған азамат атсалысып, спорттың қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту, белтемірге (турник) тартылу сонымен қатар шахмат, дойбы, волейбол ойындарынан өзара бақ сынасып, кім мықтыны анықтады.

Атап өту керек, сотталғандар арасында спорттық шараның маңызы зор. Себебі, шалыс басып, бармақ тістеп қалған азаматтардың осындай шараларға қатысу арқылы санасы сергіп, келешектегі мақсаттарына жетуге ұмтылары анық.

Ал мерекеге орай ұйымдастырылған сайыста өзгелерден оқ бойы оза шауып, үздіктер қатарынан көрінгендерді мекеме бастығы әділет майоры Раушан Ахметов арнайы құттықтап, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Серік Ускенбаев,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД

ЖД-158/5 мекемесінің (қоныс колониясы)

бақылаушы қызмет бөлімінің аға бақылаушысы,

әділет старшинасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.