Сотталғандар спорттық шарада бақ сынады

430

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері сотталғандармен ҚР ІІМ «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дене тәрбиесі жұмысын жүзеге асыруда. Бұл жұмыстар сотталғандардың дене саулығын бірқалыпты ұстауға және бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған.
1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай аталған мекемеде жазасын өтеушілермен және кәмелет жасқа толмаған тергеудегі тұлғалардың арасында спорттық іс-шаралар өткізілді. Мерекелік шара барысында мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жанболат Жұмалиев қатысушыларды бірлік күні мейрамын құттықтап, аталған мерекенің қрылуы және оны мемлекеттік мереке ретінде тануы хақында қысқаша мағлұмат айтып өтті.
Бұдан кейін, арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Айгүл Танашева мерекемен құттықтап, спорттың денсаулыққа пайдалы екендігі жөнінде айтып, спорттық ойындар барысында қатысушылар техникалық қауіпсіздік шараларын сақтауын ескертті.
Спорттық шара барысында қатысушылар 3 командаға бөлініп, арқан тарту, волейбол, белтемірге (турник) тартылу, қол күресі, дойбы (шашки) және эстафета ойындарынан сынға түсті. Бұл шарада барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз құрамасының жеңіске жету жолында аянып қалмады. Ал «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан үздік команданы сап алдында арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің бастығы жеке құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.