Шу ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жүйелі жүруде

479

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын Шу ауданы аумағында ілгерілету мақсатында  аудандық желілік кесте бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге бағдарламалық мақаланы ілгерілету аясында аудан көлемінде жалпы саны 325 іс-шара өткізіліп, 16623 адам қамтылды. Оның ішінде: 1 жартыжылдықта-50 іс-шара, 2 жартыжылдықта  264 іс-шара өткізіліп, жалпы 12750 адам қамтылған.

308 іс-шара әр түрлі форматта өткізілді. Оның ішінде: форум — 6, конференция және семинар — 15, көрмелер -17, дөңгелек үстел-26, кездесулер мен жиындар-36, акциялар-8, басқа да іс-шаралар — 203.

Бағдарламаны іске асыру бойынша 7 тамыз-31 желтоқсан аралығына аудандық желілік кесте бекітіліп, кестеге сәйкес 70 іс-шара өткізу жоспарланды.  Бүгінгі күнге желілік кестеге сәйкес 70 іс-шара өткізіліп, 4679 адам қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.