Серікбол Берікқожа басқарма басшысы болып тағайындалды

1 654

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «15» қарашадағы №229-Ж/Қ өкімімен Берікқожа  Серікбол Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Берікқожа  Серікбол Қайратұлы 1991 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі  жоғары, 2009 жылы Жамбыл политехникалық колледжін «Құқықтану» және 2012 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Құқықтану», 2018 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Тарих» мамандықтары бойынша бітірген, 2014 жылы  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша магистрлік білім алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.

2010-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы, «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің хатшысы, 2011-2016  жылдары «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті, 2012-2015 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы №2 бөлім инспекторы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, 2016-2017 жылдары «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры қызметін атқарған.

2016 жылдан осы уақытқа дейін Қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес мүшесі, Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес мүшесі, Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес мүшесі.

2016 жылдан осы уақытқа дейін VІ шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі;

2017 жылдың 15 қаңтарынан — 2017 жылдың 2 қыркүйегіне дейін «Тараз-Ғасыр» колледжі «Құқықтану» мамандығының оқытушысы.

2017-2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық иниститутының Ақпараттық-имидждік бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының Атқарушы директоры.

2019 жылдың 3 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.