«BBB: Balmuzdaqtar. Bastau. Bagyt»

412

Студенттік шақ — өмірдің ең қызықты кезеңдерінің бірі. Еш алаңсыз, қамсыз күліп ойнап өмір сүретін уақыт. Алайда уақытты текке өткізіп, студенттік ғұмырын бос сарсаңға салатындар жетерлік. Осындай маңызды кезеңді, шешуші уақытты қалай өткізген жөн? Немен айналысқан дұрысырақ? Жауап бере салу оңай, бірақ тереңірек ойласақ шынымен жауабын табу қиын…

«Балмұздақдар». Балалық шақтан үлкен өмірге қадам басқан шақ. Бағытын айқындап мақсат қоятын кезең. Ия, өрімдей жастың өзін осы кезеңнен қалыптастыру өте маңызды. Осы бағытта жастардың дауым үшін өңірде түрлі бағыттағы жобаларды жүзеге асырып жүрген «SK Group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы жастардың басын қосып үлкен кеш өткізді. 2016 жылы Тараз қаласында пікірсайысшы жастардың бастамасымен құрылған ТеdХ форматындағы «Sanaly Talks» интеллектуалды кешінің оныншы бөлімі 1-курс студенттеріне арналды. «BBB: Balmuzdaqtar. Bastau. Bagyt» тақырыбында өткен кешке қаламыздағы оқу орындарынан 200-ге жуық жас қатысты. Кеш өңірдегі алдыңғы қатарлы оқу орны М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қабырғасында өтті.

Интеллектуалды кешке облас орталығындағы түрлі салада жетістікке жетіп, жас та болса өзін қалыптастырып үлгерген азаматтар сөз сөйледі. Алғашқы спикер – Нұрсұлтан Жарылғасын студенттік шақта кәсіпті қалай бастауға болатынын және қазіргі бизнестің көзін табуға арналған өзінің тәжірибесін ортаға салып, пікірімен бөлісті. Екінші болып сөз алған аталмыш университеттің студенті Аңсар университеттегі «Enactus » ұйымындағы өмірін тілге тиек етіп, АҚШ-қа жасаған сапарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ал, үшінші болып сөз алған Нұрсейіт Қарабаев студенттік шақтағы мүмкіндіктер, өзінің жіберіп алған қателіктерін айта келе содан сабақ алып қателікке ұрынбауға шақырды. Төртінші спикер Арайлы Жақсылық «шығармашылық дағдылар» туралы сөз қозғаса, соңғы спикеріміз Бек Жолдыбай таңдау адамда әркез болатынын, соны жіберіп  алмай дұрыс таңдау жасауға шақырды. Жалпы 1 сағаттық семинар жастар үшін өте пайдалы болды. Ортаға шығып сөйлеген 5 спикер де қазіргі замандағы жастарды толғантқан сұрақтар төңірегінде ой қозғады.

Шара соңында жастар спикерлерімізбен естелік суретке түсіп, алғыстарын айтты. Біз саналы әңгіме айтудан жалықпаймыз, себебі, даму уақыт күттірмейді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.