Саз мектебіндегі сырлы кеш

851

Сазды да сырлы музыка жас балалардың ой-өрісінің дамуына тигізетін әсері көп. Ол тұлғаны жетілдіріп, рухани сезімталдыққа жетелейді. Нәзіктікке,қарапайымдылыққа тәрбиелейді. осы ретте Мұхтар Әуезов: «әнге-әуес, күйге құмар бала өмірге ғашық болып өседі» деген. Сондай-ақ, өнерге құмар бала еш уақытта жаман қылыққа бармайды.

Біздің музыка мектебіне кез-келген бала келіп дәріс алып, таза музыкалық сауатын дамытуына жол ашық. Оны ата-аналарда қадағалап, балаларының қабілетін шыңдата білуі қажет. Музыка өнері ұқыптылыққа әдептілікке жетелейді.Мысалы: пианино сияқты аспаптарды ойнай білген бала, есепке жүйрік келеді. Ал домбыра, қобыз аспаптарын ойнайтын бала тарих, қазақ тілі сияқты пәндерге қызығушылығы артады екен. Ән мен күй мәдениеттілікпен қатар мейірімділіктің де жан дүниесі. Сонымен қатар, музыка балалардың да, ересектердің де қан айналымын жақсартады. Кейбір мемлекеттерде музыка аспаптарын емдік қасиетке пайдаланады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ұлттық салт-дәстүрлеріміз тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»-деген жолдарында үлкен астарлы мағына жатыр. Расында жастайынан балаларымызды халық әуендеріне қазақтың қара өлең түрлерімен ұғындыра білсек қазақ халқының әні мен күмбірлеген күйін тыңдай білсе, жас шәкірттер үшін ұмытылмас тарих. «Жас бала-жас шыбық»,-деген. бала бойындағы қабілетті арттыра білейік.Адам өмірінде өнер аса зор орын алады.Мұғалім барлық күшін баланың өнерге бейімділігін үйретуге міндетті. Саудакент ауылдық балалар саз мектебі КММ-нің директоры М.Қ.Аубакировтың басқаруымен мектебімізде жыл сайын есеп беру концерті өткізіледі. Концертте мектеп оқушыларымен ұйымдастырылған үлкен балалар оркестрі де бар. Жылына мектеп түлектері де, конкурс жеңімпаздары да өнер көрсетеді. Концертіміз үнемі жақсы деңгейде өтеді. Оны келген қонақтар мен көрермендердің ықыласынан білеміз. Әрбір ата-ана өзінің баласын сахна төрінен көргеніне шексіз қуаныштарын жасырмайды. «Өнерліге өріс кең» деген. Ендеше, құрметті ата-ана балаларыңыздың қызығушылығын, ой-өрісін дамытып, табиғатты сүюге тәрбиелегіңіз келсе ауылымызда өзіндік тарихы бар, талай өнерлі түлектер ұшып шыққан Саудакент балалар саз мектебіне тамыз айынан бастап шақырамыз. Саз мектебінің есігі әрқашан ашық.

Г. Өмірбаева, домбыра пәнінің мұғалімі

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.