Сарысулық жастар облыс әкімінің кубогын иеленді

590

Тараз қаласы Жеңіс саябағында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру аясында «Жамбыл облысы әкімінің жазғы кубогы» үшін облыстық КВН ойындары өткен болатын.
Сайысқа облыс бойынша 6 топ қатысып, ойын қорытындысы бойынша 1-орынды және облыс әкімінің кубогын Сарысу ауданынан барған «Бауыржан ағайдың қонжықтары» жеңіп алды. 2-орынды ТарМУ-дың «Мәдениет жігіттері» тобы, 3-орынды Тараз жастарынан құралған «Еркін құрама» иеленді.
Айта кетейік, «Бауыржан ағайдың қонжықтары» тобы 2017 жылы құрылған. 2017 жылы Сарысу ауданы Жайдарман ойындарының, 2017 жылғы Сарысу ауданы «Көңілді тапқырлар алаңы» («КТА») ойындарының чемпиондары. 2018 жылы Қазақша КВН ойындарынан Жамбыл облысы әкімінің жазғы Кубогының иегерлері. 2018 жылғы КТА Тараз лигасының маусымашар ойыны сайысының Кубогын жеңген. Қазіргі таңда «Тараз КТА» лигасының 2018 жылғы маусымында өнер көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.