Сарысу ауданында жәрмеңкеде 50,4 млн. теңгенің тауары өткізілген

645

Сарысу ауданында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 50,4 млн. теңгенің азық-түліктері сатылған, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкелер әлеуметтік-азық түліктерді қол жетімді бағада ұстауда тиімділігін дәлелдеп келеді. Әр аптаның сенбі күндері Жаңатас қаласындағы орталық базар аумағы мен орталық алаңда өтетін жәрмеңкелерде азық-түлік тауарлары нарықтағы құнынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

Сонымен қатар, аудандағы Саудакент ауылынан жеке кәсіпкер 600 шаршы метр аумақты құрайтын үлкен сауда орнының құрылысын бастаған. Бұл нысан іске қосылса, аталған және көрші ауылдарда бағаның тұрақтануына  септігін тигізбек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.