Сарысуда кәсіпкерлерге шағын несиелер берілуде

631

Сарысу ауданында кәсіпкерлік нысандары артып келеді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, қазіргі таңда ауданда шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 2282 кәсіпкерлік нысандары тіркелген.

Сондай-ақ, аталған кәсіпкерлік нысандарында 5603 адамды уақытша және  тұрақты жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде, шағын бизнес субьектілерінде (заңды тұлға) – 689 адам, орта өнеркәсіпте – 297 адам, шаруа қожалықтарында – 2 238 адам, жеке кәсіпкерлікте – 2 299 адам, өндірістік кооперативте 60 адам, тұтынушы кооперативте – 20 адам жұмыс істейді.

Осыған орай, ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу мықтап қолға алынған. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы жартысында «Саудакент-НС» несие ұйымы арқылы 10 шаруашылыққа және 7 жеке кәсіпкерге 63,4 млн. теңге және «КазМикроФинанс» шағын несие ұйымы арқылы аудан көлеміндегі кәсіпкерлерге әртүрлі бағыттарға 865 азаматқа 467,5 млн. теңгенің несиелері берілді. Шағын несиелер негізінен қызмет көрсету, жиһаз жасау, көлік жөндеу, мал шаруашылығын дамыту, қоғамдық тамақтану орындарын ашу және  өзге де салаларға пайдаланылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.