Сарысу ауданында «Менің елім» атты жастармен кездесу өтті

645

Өз елінің патриоты болу әрқайсымыздың парызымыз. Елбасы жариялаған рухани жаңғыру мақаласында да осы мәселе кеңінен қозғалған.
Тіпті «Атамекен» кіші бағдарламасы да толықтай туған жерді түлетуге арналған. Ауданымызда да ел ертеңі үшін жасалынып жатқан жарқын жобалар жетерлік.
Осыған орай Сарысу ауданының 90 жылдық меркесі аясында Сарысу аудандық рухани жаңғыру жобалық офисінде «Менің елім» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Сарысу аудандық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлтаралық келісімді нығайту мен жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған» әлеуметтік жобаның «Менің елім» атты кездесуі өте әсерлі өтті.
Өйткені онда аудандық жобалық офистің ақпарат толқыны кіші бағдарламасының жетекшісі Р.Исаев ауданымыздың географиялық картасымен таныстырып, ауыл ауылдан келген жастар жарыса өз ауылдарының тарихы жайлы айтып жатты.
Осы кездесу барысында өзге ұлт өкілдерінің де жастары атсалысып, тілі бөлек болса да тілектері бір туған жердің болашағы екендіктерін жасырмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.