Саңырауқұлақ теруге де рұқсат қажет

875

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Осыған байланысты Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде саңырауқұлақ өсімдігін теру тек Қазақстан Республикасы Орман кодексінде көрсетілген талапқа сәйкес қатаң есептегі орман билеті бланкісі арқылы рұқсат беріледі. Қатаң есептегі орман билетін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасына қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінен алынады. Егер саңырауқұлақ өсімдігін теретін болсаңыз төменде көрсетілген іс-әрекеттерге байланысты жүгінуге болады. Олар:
1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне қарасты мемлекеттік орман қоры учаскесінен саңырауқұлақ өсімдігін теретін болсаңыз, өтініш жазу керек;
2. Өзіңіз теретін саңырауқұлақ өсімдігінің килограммына байланысты төлем ақы соммасын жасайсыз;
3. Төленген соммаңыздың түбіртек көшірмесін тапсырып, сол арқылы қатаң есептегі орман билеті бланкісі беріледі.
Сонымен қатар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде саңырауқұлақ өсімдігін заңсыз терген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 370 бабының 3 тармағына сай 3 АЕК әкімшілік айыппұл салынады.

Елнур Алимкулов,
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.