Сақшылар қан тапсырды

655

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің қызметкерлері республикалық акция барысында ауыр науқастарға және жол-көлік апатын зардап шеккен жандарға көмек көрсету мақсатында қан тапсырды.

Облыстық қан орталығына тәңсәріден келген тәртіп сақшылары кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Бұдан кейін, оларға дәрігерлер рұқсат беріп, рет-ретімен қан тапсырды.

Айта кетейік, аталған мекеме қызметкерлері мұндай қайырымдылық шараларға алдағы уақытта да тұрақты түрде қатысатын болады.

Айгүл Танашева,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.