Республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

773

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі– терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан іріктелген 17 жыршы-термеші бақ сынайды. Байқауда жыршы-термешілер мен танымал дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы ұйымдастырып отырған шара Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залында 9 қараша күні 18:00-де басталады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.