Пробация туралы заң жобасы талқыланды

443

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде «Пробация туралы» заң жобасын талқыланған семинар өтті. Жиында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация кызметінің есебінде тұрғандарды әлеуметтік оңалту маселелері, Елбасының Ұлт Жоспары — бес институционалдық реформасының 33-кадамын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған шаралар туралы кеңінен сөз болды. Басқосу аталған мекеменің тәрбие жүмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашеваның басшылығымен өтіп, оған аталған мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбек жане тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет аға лейтенанты Жұлдыз Сулейманова, Жамбыл аудандык Пробация кызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты А.Ж.Калдыбаев қатысты.

М.Маханов, ЖД-158/5 мекемесінің САТӘПЖББ бастығы, әділет капитаны 

Leave A Reply

Your email address will not be published.