Намаз оқыған балаларды ұрған жаттықтырушы бейнетаспаға түсіп қалды

1 072

Жамбылда жайнамаз тепкен жамбылдық жаттықтырушы жұртшылықтың жағасын ұстатты. «Уатсап» әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен видеода Тараз қаласындағы спорт мектептерінің біріндегі   бапкер намаз оқып тұрған баланың  жайнамазын аяқпен сырып тастағаны былай тұрсын, жасөспірімдердің мойнынан жетектеп, балағат сөздер айтады. «Жұдырығы жуын» жаттықтырушының бұл әрекеті Құдайдан безгендік пе?

Таңертең  әлеуметтік желіде пайда болған бұл видеоға қатысты түс ауа облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков  түсініктеме берді. БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында басқарма басшысы аталмыш оқиға облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында орын алғанын айтты. Және бұл фактіге қатысты анықтау жүргізіліп жатқанын, десе де педагогқа тән әдеп көрсете алмаған спорт жаттықтырушысы жұмыстан босайтынын мәлім етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.