Мекеме қызметкерлері қайырымдылық марафонына қатысты

530

«Адал жүрек» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қайырымдылық марафоны өтті.

Спорттық шара құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер және қала тұрғындары арасында салауатты өмір сүру салты мен мейірімділікті және парасаттылықты насихаттауды мақсаты етті. Сондай-ақ, қоғамның көмекке мұқтаж мүшелеріне қолдау көрсетуді көздеді.
Қайырымдылық шарасына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев қатысты.
Тараз қаласы «Достық» алаңынан бастау алған іс-шараға 600-ге жуық адам қатысып, Төле би көшесінің бойымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін 2400 метрге жүгіріп өтті. Оның ішінде, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінен қайрымдылық марафонына әділет лейтенанттары – Қ. Шоншабаев, Е. Курмбаев, Ж. Жақсыбекұлы және әділет кіші сержанты М. Мейрхан, әділет майоры А.  Тасқынбаевтар қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар мен жеңімпаздар кубок және диплом қағаздарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.