Қан тапсырып, мұқтаж жандарға қолдау білдірді

389

«Адал жүрек» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қан өткізу бойынша қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Акция аясында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер және қала тұрғындары жалпы саны 200-ге жуық адам Облыстық қан орталығында қан тапсырды. Ізгі шараға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ЖД-158/2 мекемесінің атынан әділет майоры Д. Мусаева, әділет аға лейтенанты Г. Ибраимова, әділет лейтенанты А. Жунисова, әділет сержанты М. Тұрлыбаева және әділет аға лейтенанты Ж. Қалымбетов атсалысты. Бұл әрекеттерімен мекеме қызметкерлері мұқтаж азаматтарға қолдау білдіріп, қоғам тыныштығының күзетінде тұрып қана қоймай, ел азаматтарына кез келген жағдайда қол ұшын созуға даяр екендерін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.