Медицина қызметкерлері күні аталып өтті

479

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында департамент бастығы әділет полковнигі Миржан Смағұлов денсаулық сақтау саласының мамандарын құттықтап, олардың жоғары жетістіктерін тілге тиек етті. «Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерді айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, бақыт, береке-бірлік, ортақ үйіміз Қазақстанға тыныштық пен бейбітшілік тілеймін», — деді Миржан Нұрмұхамедұлы.

Салтанатты шарада міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін департаментке қарасты мекемелердің медицина саласының ең үздік қызметкерлері марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, ЖД-158/1 мекемесінің медициналық бөлімінің рентгенолог-дәрігері Бақытжан Тульбасиев, ЖД-158/2 мекемесінің медициналық бөлімінің провизоры Кулайша Сметова, ЖД-158/4 мекемесінің медициналық бөлімінің медбикесі Гүлбану Балабаева және әділет кіші лейтенанты ЖД-158/5 мекемесінің медициналық сауықтыру пунктінің фельдшері Дилора Барат, әділет капитаны ЖД-158/7 мекемесінің медициналық бөлімінің бастығы Бекжан Асанов ҚАЖ департаментінің грамотасымен марапатталды.
Ал ЖД-158/1 мекемесінің медициналық бөлімінің рентген зертханашысы Галия Мухаметова, ЖД-158/2 мекемесінің медициналық бөлімінің рентген зертханашысы Татьяна Мальцева, ЖД-158/4 мекемесінің медициналық бөлімінің медициналық ағасы Мақсат Асқаров сонымен қатар ЖД-158/5 мекемесінің медициналық сауықтыру пунктінің медбикесі Алтынай Аубакирова, ЖД-158/7 мекемесінің медициналық бөлімінің фтизиатр-дәрігері Гүлнар Каликулова ҚАЖ департаментінің алғыс хатына ие болды.

Сондай-ақ, бұл күні әділет майоры департаменттің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы Ерлан Әбдібайға, әділет лейтенанты ЖД-158/1 мекемесінің медициналық бөлімінің фельдшері Мақсат Амирбековке, ЖД-158/2 мекемесінің медициналық бөлімінің медбикесі Лаззат Бақбергеноваға, ЖД-158/4 мекемесінің медициналық бөлімінің медбикесі Елена Борисовнаға және ЖД-158/7 мекемесінің медициналық бөлімінің провизоры Сәуле Габдуллинаға ҚАЖ департаменітінің алғысы жарияланды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.