Адам құқықтарын қорғау жөнінде тренинг өтті

463

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/5 мекемесінде жеке құрам арасында «Азаптаудың және қатыгездік, адамшылдыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу, қоғамдық бақылау комиссиясының мақсаты мен міндеттері» атты тақырыпта сабақ өткізілді. Жамбыл облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің басшысымен бірлесе тренинг ретінде өткізілген шараға Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Ғабит Абдрахманұлы, ҰААТ мүшесі Гусейнали Насиров арнайы қатысты.

Ғабит Абдрахманұлы сабақ барысында мекемелердегі адам құқығының тапталмауы басты назарда болуын атап өтті. Оның айтуынша, түзеу мекемелерінің қызметіне араласу ҰААТ қатысушыларының мониторинг өткізу құқығын шектемейді, керісінше қолданыстағы заңнамаға сәйкес адам құқықтарын сақтау мекеме қызметінің бөлігі болып табылады.

Венера Каракозева,
ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәжірибе жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.