Қордай ауданында Астана күніне орай дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

1 004

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Әлжан ана ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Байтөле мен ауданның бірқатар Құрметті азаматтары, ауыл тұрғындары қатысып, қуанышты сәттің куәсі болды.

Астананың 20 жылдығына мерекелік тарту ретінде ауылдық амбулаторияның есігін айқара ашуы әлжананалықтар үшін үлкен қуаныш болды. Ауылдың орталығынан бой көтерген еңселі ғимарат халыққа медициналық қызмет көрсетудің барлық талаптарына сай жабдықталған. Оған қоса екі төсектік балаларға арналған және екі төсектік үлкендерге арналған күндізгі стационары да бар.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.