Қоғамдық орындарға бақылау жүргізілді

273

Санитарлық талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында қала әкімдігінің жанында құрылған мобильдік топ мүшелерімен шаштараз, қоғамдық тамақтану орындары араланды.
# 4,9,10 мобильдік топ мүшелері «Қант зауыты»,» Алатау»мөлтекауданы, Лукманов, Самарқанд көшелері бойындағы бизнес нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тобы қала орталығында, қала орталығына жақын орналасқан 42 сұлулық салондары, шаштараздардың және қала бойынша 26 кафе, асханалардың жұмыстарына бақылау жүргізді.
Шаштараздар мен сұлулық салондарына қойылған шектеулер сақталмаған орындарда ескертулер беріліп, тұтынушыларды алдын-ала жазып алу кітапшалары тексерілді.
Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарының 30 адамнан аспайтын жағдайда жазғы алаңқайларда ғана қызмет көрсету қажеттігі түсіндіріліп, талаптар орындалмаған орындарда ескертулер жасалды.
Аталған шектеулермен қатар, кәсіпкерлік нысандарының басшыларына және жалға алушы кәсіпкерлерге кіреберіс жерлерді таза ұстап, жабайы жарнамалардан таза ұстау қажеттігі түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.