Абаттандыру жұмыстарының сапасы қадағаланды

359

Бүгін Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және санитарлық тазалығын қадағалау бойынша құрылған 8-ші мобильдік топ мүшелері жобалардың іске асырылуына бақылау жүргізді.

Бақылау барысында «Жайлау» (3), «Талас» (6), «Самал» (7) және «Мыңбұлақ» (9) мөлтек аудандарындағы үй аулаларының абаттандыру жұмыстарының сапасы қадағаланды. Сондай-ақ, жұмысқа тартылған жұмысшылардың басым көпшілігі жергілікті тұрғындардан құралуы бойынша талаптың орындалуы басты назарда болуда.

Топ мүшелері орталық мешіт маңындағы теннис орталығының жаңадан соғылып жатқан әкімшілік ғимаратының құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 233,1 млн.теңгені құрайды. Мердігер «Жолғай» ЖШС-нің өкілдерінің мәліметіне сәйкес, қарастырылған қаражатқа әкімшілік ғимаратымен бірге дене шынықтыру залы іске салынуы жоспарда бар.

Бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жобаларды іске асырушы мердігер компания басшыларына және жұмыс басындағы бригадирлерге құрылыс барысында қала тұрғындарының жүріп-тұруына барынша кедергі келтірмеуге және тазалықты сақтап санитарлық талаптарды қамтамасыз ету қажеттілігі ескертілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.