Кезекті қулық: түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырмақ болған

822

Түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат әшкереленді. Оқиға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде болған.

Түзеу мекемесінің режим және күзет сондай-ақ, жедел бөлімдерінің қызметкерлері мекеменің сыртқы аумағындағы Төрткөл саяжайы жағынан келіп, жапсырмамен (скотч) оралған ораманы лақтырмақ болған азаматты құрықтады.

Тексеріс барысында ораманың ішінен сотталғандарға пайдалануға және қолдануға тыйым салынған «HUAWEI» маркалы ұялы телефонмен қуаттандырғыш құралы табылып тәркіленді.
Айласын асыра алмаған 1993 жылғы ер азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда сотқа жолдау мақсатында қажетті құжаттар рәсімделуде.

Сайд БАЙБЕКОВ,

ЖД-158/4 мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі,
әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.