Түзеу мекемесіне тыйым салынған затты кіргізбек болған

201

Жамбыл облысындағы қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат ұсталды. Енді жазасын өтеушілерге «көмек» көрсетпек болған 29 жасар азаматтың өзі де қылмыстық істің фигурантына айналуы әбден мүмкін.

Мекеме қызметкерлері оны тексеріп, қарау барысында «SAMSUNG» және «NOKIA» маркалы ұялы телефондармен қоса 1 дана «Теле 2» байланыс операторының сим картасын тауып, тәркіледі.

Айта кетейік, оқиға Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде орын алған. Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған азамат енді заң алдында жауап бермек.

Ғани ДОСЫБАЕВ,
ЖД-158/4 мекемесі режим бөлімі бастығының орынбасары,
әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.