Онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

179

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысындағы барлық түзету мекемелерінде карантин жарияланған. Сондықтан, пробация қызметтерінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды. Пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандармен онлайн байланыс орнатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.
Әңгімелесу барысында сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және төтенше жағдай кезінде заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында пробация қызметкерлері интернетті пайдалану мүмкіндігі бар сотталғандар арасында онлайн-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар, есепте тұрған адамдарға төтенше жағдай режимін бұзғаны және төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер үшін жауапкершілік туралы қосымша түсіндірілуде.
Жалпы, короновирустан қорғанудың бірден бір жолы – қашықтықтан байланыс орнату. Бұл ретте Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті алғашқылардың бірі болып сақтық шараларын қолға алғанын айта кеткен жөн.

Асхат ДҮЙСЕНБЕКОВ,
Пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.