Қателікті мойындай білейік

526

Неткен өмір! Бір сірә, көзіңді жұмып, осы тордың ішінде басыңнан өткен кезеңді еске алып келесін. Шіркін, сол сәтті қайтарсам екен-ау дейсің, бірақ жасалған қателікті мойындағаннан басқа ештеңе істей алмайсың.

Сол сәтте сен емес, басқа адам ба, немесе шайтан ба мойныңа отырып алып ойландырған? Жоқ, сен өзің жолдан бет ауып кеткен едің. Осы кезде ата-анаңды ойлап, бауырларыңды сағынып, көзіңе моншақ жас толып кетеді. «Біреуге ор қазба, өзін түсесің, ешқашан да біреуге қастандық жасама, жамандық ойлама»,- деп айтушы еді қарт кісілеріміз.

«Өмір-өзен» демекші, тордың арғы жақтағы сотталғандар мен тергеудегі азаматтардың өмірі осылай өтіп барады. Ал, олар да көп ойланып, толғанып, өмірдегі тағдырдың ісі немесе өздері қолдан жасап алғандай істерін таразыға салғандай өлшеп қойған шығар.

Бірақ, бостандыққа шығар кезінде, қайда барып өмір сүреді? Осыған орай, ҚАЖД-нің ЖД-158/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері басқа да бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғандар мен тергеудегі азаматтармен тәрбие жұмыстарына, өмірге дұрыс көз-қарас білдіруге көмек көрсетеді және қол ұшын беруге әрқашанда дайын!

Жамбыл облысы бойынша

ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің

Режим және күзет бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.