Білікті маман

650

Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлы сөзін қатарлас алып  жүрген, қарапайым адамдардан көпшілігі байқай бермейтін ізгі істерінен ғана байқаймыз.

Қиын мәселелердің шешімін намыс пен адамгершілік қасиеттерін сақтай отырып, кішігілі мен кісілігін жоғалтпай, еңбекте де ептілік танытатын азаматтарымызды мақтан тұтамыз.

Сондай мамандардың бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты Дастанбек Кенжебаевич Кадиров. Өз ісінің маманы темірдей тәртіпті ұстанып, қызметін адал атқаруда. Тәжірибиеде сынала келе үлкен нәтижелерге ие болған. Жас мамандарды тәрбиелеу, жасақтау ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейтін, үздіксік жүргізілетін процессте еңбек етіп, бірнеше рет марапатталып, алғыстарға ие болғандығы — белгіленген тәртіпке сай қызмет атқарғанының дәлелі.

Ұжымдағы ынтымақтастықты сақтай білетін, өзін де өзгені де сыйлайтын қасиетін жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар, отбасында өнегелі әке, адал жар.

Сөз соңында, Сізге ғұмырыңыз ұзақ, асар асуларыңыздың биік, көрер қызықтарыңыздың мол болуын, атқарып отырған лауазымның жемісі мен жеңісін көруіңізді, тілейміз!

Жамбыл облысы бойынша

ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің

Режим және күзет бөлімінің ұжымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.