Еңбекпен қамту – тәрбиенің негізгі тетігі

381

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/2 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобы тұрақты түрде жұмыс істеуде.

2019 жылдың 9 айы бойынша көрсеткішке сәйкес, ЖД-158/2 мекемесінде орта есеппен 374 сотталған ұсталуда. Оның ішінде жұмысқа жарамдысының саны 205 болса, жұмысқа орналасқандар саны 156-ны құрайды.

Жазасын өтеушілер қазіргі уақытта «Еңбек-Тараз» РМК филиалында 81 сотталған, мекеменің шаруашылық қызметінде 41 сотталған, басқа жұмыс орнында — 34 сотталған жұмыс істейді. Яғни, жұмыспен қамту 76,1 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 99 кем, алайда мекемеде ұсталынантын сотталғандардың саны азаюына байланысты пайыздық көрсеткіші 16,4 пайызға жоғары.

Нақты көрсеткіш бойынша, ЖД-158/2 мекемесінде бүгінгі күнге 412 сотталған жазасын өтеуде. Оның ішінде, жұмысқа жарамды 227 сотталған бар. Ақылы жұмыспен 162 сотталған қамтылған. Атап айтқанда: Мекеменің шаруашылық қызметінде 41 сотталған еңбек етеді. Ал, «Еңбек Тараз» РМК филиалында 70 сотталған, атап айтқанда наубайхана 33 сотталған, тігін цехында 5 сотталған, қазандықта 16 сотталған, асханада 11 сотталған, халық тұтынантын тауарларды жасау цехында 5 сотталған жұмыс істейді.

Сонымен қатар, мекеменің өндіріс аумағында 2 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасауда. Аталған кәсіпкерліктерде 51 сотталған жұмыспен қамтылып, ат жабуы, қамшы, нарды, шахмат, астау секілді қол өнер бұйымдарын жасауда.

Ал сотталғандардың мамандық игеруі үшін мекеменің ішкі аумағында №15 кәсіби колледжі ашылған. Аталған колледжде сотталғанда 4 мамандық бойынша білім алуда. Қазіргі таңда жиһаз дайындау ісі, кран ісі, дәнекерлеу ісі және электрик мамандықтарында 100 сотталған білім алуда.

Мекеменің өндіріс аумағында бос тұрған ғимараттарды орта және кіші бизнес иегерлеріне сенімгерлік басқаруға беру және де қолда бар жұмыс орындарын кеңейту мақсатында Тараз қаласының жеке кәсіпкерлерімен жұмыс жалғастырылуда. Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасына мекеменің ішкі аумағында өндірілетін өнімдердің суреттері мен бағасы жөнінде үнемі жолданылып отырады.

Д. Мұсаева,

сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы

әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.