Басты назарда – саяси-әлеуметтік салмағы бар бағдарламаларды

530

Аймақтық арна саяси-әлеуметтік  салмағы бар бағдарламаларды басты назарда ұстайды. Бұл туралы Тараз қаласында өтіп жатқан «JAMBYL» телеарнасының жаңа маусымының тұсаукесерінде арна директоры Жасұлан Әбдіхалық мәлімдеді.

– Әрине, саяси –әлеуметтік  салмағы бар бағдарламалар да басты назарда  болады. Бұл бағытта жоғарыда айтылған, «Аламан», «Даму. КZ» сынды жаңа жобалармен қатар, «Мәслихат мінбері», «1 –студия», «Салмақты сөз», «Алтын бесік» секілді  ондаған телехабарлар жалғасатын болады. Сонымен қатар, күніне 3 мезгіл тікелей эфирге шығатын – Жаңалықтар қызметі бар. Күн сайын еліміздегі және аймақтағы айтулы жаңалықтарды, елеулі оқиғаларды көрерменге жеткізіп отырады, – деді арна директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.