Ержан Ахметов сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды

484

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «28» қарашадағы № 220-Ж/Қ өкімімен Ахметов Ержан Әбдірахманұлы Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ахметов Ержан Әбдірахманұлы 1967 жылы туылған, білімі жоғары,     Алматы сәулет-құрылыс институтын «сәулет», Д.А.Қонаев атындағы университетін «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Жаңатас қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде сәулетші болып бастаған.

1993-1995 жылдары «Дизайн-офис» ЖШС-нде сәулетші-инженер, 1995-1998 жылдары «Казстройсервис-ҒҰН» көпсалалы өндірістік-құрылыс фирмасы директорының орынбасары, 1998-2003 жылдары Алмалы аудандық архитектура және қала құрылысы бөлімінің бастығы, 2003-2004 жылдары «Корпорация «KUAT» ААҚ директорының орынбасары, 2005-2011 жылдары Алматы қаласының Алмалы, Жетісу және Бостандық аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, 2011-2012 жылдары «Алматы қала құрылысы кадастры» МКК-ның бөлім бастығы, 2012-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың наурызынан бастап «Темирбетон-1» ЖШС-нің бас сәулетшісі қызметін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.