Емханаларға кешенді медициналық-ақпараттық жүйе енгізілуде

50

«Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен де бірлесе жұмыс істеуде.

Мәселен, «Цифрлық Қазақстан» мемлекетік бағдарламасы аясында №2 қалалық емханаға «Damumed» кешенді медициналық акпараттық жүйесі енгізілуде.

– Жоба қолға алынғалы бері жұмысымыз жүйеленіп қалды. Қазіргі таңда емханамызға тіркелген барлық тұрғындардың электронды паспорты медициналық порталға енгізілген. Тұрғындарға арналған мобильді қосымша да жұмыс жасайды. Ол тұрғындарға үйде отырып өз дәрігерінің жұмыс  кестесін біліп және қабылдауға жазылуына мүмкіндік береді. Мұндай қосымша емхананың тіркеу бөлімінің қызметін жеңілдетеді және кезек мәселесін азайтуға ықпал етеді. Яғни, енді тараздықтар сан сағат бойы сабылып кезек күтпейді, — дейді жүйе жайында Емхананың бас дәрігері Жеңіс Пірмахан.

Сондай-ақ, дәргерлердің қабылдау кестелерін, оларды баптаудың икемді мүмкіндігі мен түзету және емделушілерді қайта бөлу, үйге шақырту журналдары және активтердің барлық түрлері, электронды еңбекке жарамсыздық парағы, медициналық қызметкерлер мен жүйе пайдаланушыларын тіркеу сынды жұмыстар да жолға қойылды.

– Бұл жүйе медициналық құжаттаманы рәсімдеу бойынша рутинді операцияларды айтарлықтай қысқартуға және медициналық құжаттардың сапасысын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай – ақ, дәрігерлер өз пациенттерімен қарым-қатынас жасауға, медициналық көмек көрсетуге уақыт бөле алады, — дейді «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының» басшысы Д. Егізбаев.

Сонымен қатар, аталған жүйе аясында емделушілер сайты арқылы тұрғынлдар электронды қызмет түрлерін де ала алады. Айталық, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру. Ол екі режимде жұмыс істейді. Яғни, «тәжірибелі» және «тәжірибесіз емделушілер». Ал жеңілдетілген нұсқасында тек қана өзінің ЖСН енгізу жеткілікті, әрі қарай емделуші қай дәрігерге баруын жазады және қай дәрігерді үйге шақыру керектігін жүйе өзі анықтайды. Сайтты пайдаланудың кеңейтілген нұсқасы өз денсаулығы үшін бақылау күнделігін енгізу, медициналық жеке мұрағатын қалыптастыру, емханадағы оған көрсететін медициналық қызметін қадағалауға рұқсат етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.