Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері арасында жарыс өтті

646

Байзақ аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Байзақ ауданына 80 жыл толуына орай «БАЙТАҚ ЖЕРІ, БАЙРАҚТЫ БАЙЗАҚ ЕЛІ!» тақырыбында жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің арасында ұлттық-бұқаралық спорт түрлерінен облыстық спартакиада өткізілді.

Аталған шараға Шу, Талас, Жуалы, Жамбыл және Байзақ аудандық жастар орталықтарының қызметкерлерінен құралған 5 команда қатысты. Орталық мамандары тоғызқұмалақ, арқан тарту, 100 метр қашықтықта жүгіру және шағын футболдан өзара бақтарын сынады.

Спартакиаданың басты мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру, жастар арасында ұлттық танымды қалыптастыру, жастар саясатын жүзеге асыруда жұмыла қызмет атқарып жүрген өзге аудандардағы қызметкерлердің арасында әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұлттық ойындарды дәріптеу, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және Байзақ ауданының 80 жылдық мерей тойын өз деңгейінде атап өту.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Байзақ ауданы топ жарып І орынды алса, ІІ орынды Жамбыл ауданынан келген әріптестер иеленді. Ал, жүлделі ІІІ орын Шу ауданы жастар ресурстық орталығына бұйырды. Жеңімпаздар жекелей, командалық және жалпы есепте дәрежелеріне сай медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.