Біліктілігін арттыру курсын оқыған 100 имамға сертификат табысталды

836

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курстарын оқыту» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Тараз қаласы мен аудандардан жалпы саны 100 имам өз біліктіліктерін арттыру курсын оқыған болатын.

Имамдар облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде барлығы 84 сағаттық оқу бағдарламасын 2 аптада меңгеріп шықты. Олар «Қазіргі таңдағы хадистану мәселелері», «Матуриди ақидасы», «Мұсылманның құқықтық негіздері», «Қазіргі таңдағы талас-тартыс мәселелері», «Қазіргі таңдағы ақида мәселелері», «Конфликтология», «Дағуат негіздері мен тәсілдері», «Қазіргі таңдағы фиқһ мәселелері», «Дін психологиясы», «Террология», «Дін туралы мемлекеттік Заңдар» және «Риторика»  пәндері бойынша терең білім алды.

Аталмыш пәндер бойынша профессор Мурат Абзелбаев, з.ғ.к, доцент Есбол Өміржанов, PhD доктор, доцент Қайрат Назарбек, PhD доктор, доцент міндетін атқарушы Қайрат Құрманбаев, PhD доктор, доцент міндетін атқарушы Асқар Акимханов, философия ғылымдарының докторы, доцент Рашид Мухитдинов, Дінтану магистрі, PhD докторант Нұржан Стамбакиев, Исламтану магистрі, PhD докторант Ризабек Батталұлы, исламтану магистрі Асқар Сабдин, исламтану магистрі Данияр Сулейменов, исламтану магистрі Наздан Маукен, дінтану магистрі Ернар Есімқұлов сынды оқытушылар білім берді.

Осыған байланысты бүгін имамдардың біліктілігін арттыру жұмыстарын қорытындылауға арналған жиын өтті. Қортынды шараға облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж. Омаров, «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемеснің басшысы К.Джумекеева, «Жаңа-ру» жастар коалициясының президенті Азамат Лесбек, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Қ.Құрманбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев қатысты.

Жиында дін қызметкерлеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курсының 84 академиялық сағатын толық бітіргенін растайтын сертификаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.