Басты байлығымыз – ұлттар достығы

1 074

Біздің ел құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзіміздің дәлелі. Қаншама ұлт пен ұлыстың өкілі бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатқа жұмылып өмір сүріп келе жатқандығы елімізде дұрыс жүгізілген саясаттың нәтижесі болса керек. Бүгінде өңірімізде 80-нен астам түрлі ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.

Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр.

Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері үшән де аса маңызды. Себебі, ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтау жолыда аянбай еңбек етіп келе жатқан сақшылар үшін ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылық аса маңызды. Олар Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылғанын, аталған мәдени орталықтардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету екендігін терең түсінеді. Сол себепті, біз қызмет ететін мекемеде ұлттар арасындағы түсініспеушілік орын алған емес.

Біздің ұжымда туындаған түрлі мәселелер сабыр мен сыйластықпен шешіледі. Мұның бәрі ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау, дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету үшін жасалып отырған мемлекеттік саясаттың жемісі. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, Елбасымыздың өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi. Ендеше, келе жатқан 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын, қазақстандықтар!

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.