Ауыл тұрғындарына дін мен діл мәселелері түсіндірілді

675

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша ағымдағы жылы «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы бастау алған болатын.

Аталмыш жоба аясында Көгершін ауылдық округінде ауыл тұғындарымен кездесу өткізілген болатын. Кездесу мақсаты дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары, білікті теолог мамандарды тарта отырып түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру. Кездесуге арнайы Тараз қаласынан білікті маман Ғалымбек Жапек шақыртылды. Кездесу Көгершін ауылдық мешіті ғимаратында өткізілді. Кездесуге ауыл тұрғындары және ауылдық мешіт жамағаттары қатыстырылды. Жиын соңы арнайы маманның қатысушылар сұрақтарына жауап берумен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.