«Өз ісіңді баста» тақырыбында тренинг өтті

664

«Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен және «Тараз-Жібек жолы» бизнес ассоцияциясынан бірлесе отырып ұйымдастырылмаған жастармен семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты – жастардың өз өзін жұмыспен қамтуға баулу және бизнес жоспар құруды үйрете отырып өз ісін астауға жол сілтеу. Осы мақсатта «Тараз-Жібек жолы» бизнес ассоцияциясының менеджері Жолдыбай Бек Мұратұлы шақырылды.

Шара барысында бизнсе жоспардың құрылымы, онда пайда болатын қауіптер мен тәуекелдер және осы салада жетістікке жеткен тұлғаларға да тоқталып өтті. Жастарға мотив болған осы тренинг барысының үштен екі бөлігі жастардың қызығушылығынан туындаған сұрақтартарға жауап берумен керіс байланысқа арналды. Шара соңында тренинг қатысушылары өз алғыстарын жеткізіп осы сынды шаралардың көп болуына ұсыныс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.