Ауыл тұрғындары «Рухани жаңғырудың» әсерін сезінуде

604

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық xалық шығармашылығы орталығы» КМҚК тапсырысы шеңберінде «АСЫЛ АРМАН» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастарды ұлттық тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар» яғни, әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылдық аймаққа қарасты Қызылқайнар ауылының жастарымен «Руxани жаңғыру жолында!» атты тақырыпта кездесу өтті, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Аталған кездесуге облыс көлеміне танымал, белгілі қаламгер, Жамбыл облысының патриоты атағының иегері, Талас ауданының құрметті азаматшасы, Үміт Битенова, ауылдық Нұр Отан партиясының төрайымы Клара Сейтқасымова, Қызылқайнар ауылдық округінің қоғамдық төрағасы Бегалы Сқақов, ауыл әкімінің орынбасары Есімжан Аманов, әкімшіліктің бас маманы Айман Бөлегенова, «АСЫЛ АРМАН» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрағасы Ринат Нұрақбаев, Облыстық xалық шығармашылығы орталығының қызметкері Мадияр Ералыұлы сынды азаматтар Елбасының «Руxани жаңғыру» бағдарламасының қазіргі таңдағы ел ішіндегі әсері және оның жүзеге асуы бағытындағы тежеліп тұрған мәселелері төңірегінде жиналған ұстаздар мен жастар арасында ой қозғап, әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, Үміт Битенова апайымыз Елбасының бағдарламасының ілгері дамуына жүрегі қазақ деп соққан әр жас Қазақстандық өз үлесін қосуы міндетті екенін де сөзге тиек етіп, жастарды білімге, мәдениеттілікке шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.