Автор: Админ

  • «Жастар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу жолдары»

    «Жастар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу жолдары»

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» қоғамдық бірлестігі жастар арасындағы интернетке тәуелдіктің алдын алу мақсатында психолог Арайлым Болатбекқызынан сұхбат алынады:

    Жүргізуші:

    • Интернетке (ғаламторға) тәуелділік түсінігіне қандай анықтама беруге болады?

    Психолог:

    • Ол – баланың шынайы өмірден алыстауы. Шынайы достарынан алшақтауы, виртуалды әлемге еніп кетуі болып табылады. Көбіне интернет құрбандары 7-14 жасар балалар.

    Жүргізуші:

    • Интернетке тәуелділіктің пайда болу себептері қандай?

    Психолог:

    • Түрлі себептері бар, негізгілері мыналар: адамның интернетке қызығушылығының басым болуы, баланың бос уақытының көп болуы, бойындағы стресс, күйзеліс сезімдерін компьютерлік ойындар арқылы шығаруымен басталады.

    Жүргізуші:

    • Интернетке тәуелділіктің тигізетін зардаптары қандай?

    Психолог:

    • Ол бүкіл адамзатқа, отбасына зардабын тигізеді, мысалы, уақытын босқа өткізеді, интернетке отырғанында оның бірлігі, яғни төлеген ақшасы кетеді, көзіне зияны тиеді, көп отыратын адамның көзі бұлыңғыр болады. Компьютер, ұялы телефон арқылы берілетін ультра сәулелер адам жүйкесін қоздырады, жүйке талшықтарын шымырлайды, сол кезде адамда ашушаңдық пайда болады. Адамның қоғамдағы этика, эстетика мәдениеті бұзылады.

    Жүргізуші:

    • Алдын алу немесе тәуелділіктен арылу жолдары қандай?

    Психолог:

    • Иә, бар. Күнделікті баланың қандай ойынға, қандай сайтқа кіргенін бақылау, қажет жағдайда қатаң тежеу арқылы. Жәй ғана отбасымен бірге тамақтанбауы да бақылауды қажет етеді. Яғни, бала күнделікті интернетке 2 сағаттан артық отырмауы қажет. Бүкіл виртуалды болып жатқан дүниесін шынайылыққа ауыстыру шарт, ер бала болса футбол ойнауы, қыз бала болса жақсы құрбыларымен сырласуды үйрету. Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру қажет, түрлі үйірмелерге: спорт, сурет, ән, дизайн, би, қолөнер, жүзу, т.б. қатыстыру.
    • Психолог:
    • Интернетке тәуелділіктің  қандай түрлері бар?

    Психолог:

    • 3 түрі бар, біріншісі «бала бол» түрі, яғни, әлеуметтік желіде таныстық жасау. Екіншісі «желілік», яғни, кезкелген ақпаратты  терең оқып, кітаптан емес ақпаратты түбіне дейін қопаратын түрі саналады, соған уақытының барлығы кеткенін сезбейді. Үшіншісі «вебсервер», кіші жас балалар ұшырайды,анасы сол бала тынышталсын деп қолына планшет не телефонды ұстата салады, бірақ бала мән-мағынасы жоқ қайда кіріп отырғанын өзі де түсінбейді, түрлі ойындарға, сайттарға кіріп кетеді.

    Жүргізуші:

    • Интернетке тәуелділіктің алдын алу жолында өз тарапыңыздан қандай кеңес берер едіңіз?

    Психолог:

    • Ең бірінші баладан тәуелділікті,яғни телефон не планшетті бірден үзілді кесілді алып қоюға болмайды, түсіндіріп, уақытын бірте-бірте шектеумен жасалатын дүние. Әйтпесе, ол агрессия білдіруі, барлық нәрсеніқырсығып кері жасауы мүмкін. Сол себепті баланы еңбекке баулу, қарапайым ас ішіп болған соң өз орнын тазалауды, ыдысын апаруды үйреткенде балада жауапкершілік, тазалық оянады. Достарымен жиі ойнатып, жастар болса, жиі жолдастарымен, бірақ белгілі уақытқа жіберуге болады.

    Жүргізуші:

    • Интернетке тәуелділіктен қорқу керек пе?

    Психолог:

    • Әрине, қорқу керек. Виртуалдыққа бет бұрып, біз шынайылықты ұмытамыз. Ондайды «роботизм» деп атайды. Адамдар жалқаулыққа бетадамдар. Сол үшін интернетті қалыпты қолдануды үйрену қажет, яғни күнделікті 2-3 сағат, одан артық жүйкеге де әсер етеді. Ең оңды жолы кішкентайларымызды бастапқы кезде қадағалау, үлкен шақта уақытты дұрыс уайымдастыру болып табылады.

    Жүргізуші:

    • Сұхбатыңызға рақмет, сау болыңыз.

    Психолог:

    • Назарларыңызға рақмет, сау болыңыз.
  • Ұлтаралық татулық – ұлы парыз

    Ұлтаралық татулық – ұлы парыз

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 2 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жеті төбе ауылдық округінің Күреңбел аулында өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Ұлттар тұтастығы — кемел келешек кепілі» тақырыбында пікірсайыс

    «Ұлттар тұтастығы — кемел келешек кепілі» тақырыбында пікірсайыс

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 2 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінде, өзге ұлт өкілдерімен «Ұлттар тұтастығы-кемел келешек кепілі» тақырыбында пікірсайыс өтті. Аталмыш семинарды Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы жүргізді.

    Пікірталас барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Жастар арасында құмар ойынның алдын алу»

    «Жастар арасында құмар ойынның алдын алу»

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» қоғамдық бірлестігі жастар арасында құмар ойынның алдын алу мақсатында психолог Арайлым Болатбекқызынан сұхбат алынды:

    Жүргізуші:

    • Жастар арасындағы құмар ойындар қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Құмар ойынға деген тәуелділік қалай басталады?

    ПсихологАрайлым Болатбекқызы:

    • Алғашқы кезде құмар ойын ойнайтын адам тәуелділікті мүлдем байқамайды және оны мойындамайды. Ол бастапқыда көңіл көтеру үшін жәй қызығушылық болып басталып, кейін бұл сезім арта түседі. Құмар ойынды көбісі табыс көзі ретінде көреді.

    Жүргізуші:

    • Құмар ойын ойнауға адамның араласатын ортасы әсер етеді ме?

    Психолог:

    • Адамның өзінің тауып алған ортасына байланысты. Еліктегіш адамдар тез ұшырайды. Өзпринципі жоқ, терең ойлай алмайтын, саяз адамдар ортасы. Сол орта оған моральді және материалдық тұрғыда«қолдаса», атап айтқанда сендіру, еліктіру арқылы, мысалы «менің қолымнан келді, сенің де қолыңнан келеді», «біз де ойнап ұтып жүрміз, ақшаға қарқ боламыз, пайда көп», «бір рет көрейік, ұтылсақ қоя саламыз, бірге көрейік» деген ойлармен алдаусыратып, қызықтырады.

    Жүргізуші:

    • Құмар ойынға деген қызығушылықты қалай байқауға болады?

    Психолог:

    • Мысалы 20 жасар баласының бойынан ата-анасы жиі ақша сұрауды байқайды. Ойын ойнаған адам бір рет ұтса, соны мақтан тұтып, «менің жетістігім» дегендей даңдайсуы басталады. Үйде жиі ақша жоғалуы, ойынға тіккен ақша жоғарылаған сайын,асыл бұйымдардың жоғалуы да байқалуы мүмкін. Көбінде ойнайтын адам әр ойын бастарда «тек ұтқан» кезін еске алып «бүгін тағы жеңем» деген ойда болады. Әр ойынды осы мотивациямен бастайды.

    Жүргізуші:

    • Құмар ойындардың жас отбасыларға тигізетін зардабы қандай?

    Психолог:

    • Отбасылы адамдардың ойынға баруы – бастапқыдағы қиындықтарды жеңу барысында табыстың оңай жолын іздеуден басталады. Солай әдетке айналып кеткенін, ақшасының желге ұшып жатқаны отбасына кері әсерін тигізеді. Түнімен ұйықтамай, үй бетін көрмей, уақытын түгел сол ойынханада өткізуі де кімнің де болса ашуына, жүйкесіне тигізері анық. Түнімен ұйқы көрмеген адамның, миы демалмағандықтан, жүйкесі сыр беріп, ашуға бой алдырып, үй ішін ұрып, қыруға да барады. Осылайша кей жас отбасылар жанұялық өмірі басталмай жатып, ажырасып жатады.

    Жүргізуші:

    • Психологиялық жұмыс тәжірибеңізде құмар ойынға тәуелді адамдар кездесті ме?

    Психолог:

    • Психолог үшін байқампаздық басты қасиет болған соң бір кісіні байқап қалғаным бар. Компьютерлік клубтар құны жағынан арзан бағада болған соң, кей адамдар қалай түскенін білмейді. Бастапқыда «ақша жоғалтсам жай тиын» деп көреді. Бір егде ер кісі осылайша бастайды, сол жерге бастапқыда жай кіріп жүреді 2-3 сағат көлемінде, сосын сол жерге түгелімен кіреді, сол жерде тамақтанып, сол жерде компьютер үстелінде ұйықтайды. Сол жердегі адамдар оған дос ретінде көрінеді. Ал ойындағы персонаждарды (кейіпкерлер) өзі ретінде санап, құдды жеңіп жатқандай көрінеді. Сол жердің қызметшілері сол мекемеге ақша түсіру мақсатында ойыншыларды мақтайды «жеңдің, сен мықтысың» дегендей, ол соған мәз болады. Өйткені ол өз үйінен қолдау таппаған, үнемі жаншылу, келемеждеу көргеннен барады. Одан сұрастырып әңгімеге тарту барысында, әйелімен ажырасқанын, әйелі оның анасының көңіліненшықпағандықтан, қарым-қатынасы дұрыс болмағандықтан осындай жолға түскенін айтты. Оған ойын «шешім» ретінде, үйде оны күтіп отырған ешкім жоқтай көрінгенін айтты.

    Жүргізуші:

    • Құмар ойын жолына түскен адам емделмейді дегенді жиі естиміз.Сондайдың алдын алуға болады ма?

    Психолог:

    • Адам осы ойынға кетіп бара жатқанда, жақындары бақылауы қажет. Бастапқы жағдайда бақылаған адам сол ойыншымен жеке сөйлессе, кері жол екенін түсіндірсе алдын алуға болады. Сонымен қатар адамның ерік-жігеріне де қатты байланысты. Егер ол құныққан ойыншы болса, бұрыннан ойнап келе жатқан болса, олар өздерінің жандүниесінде де ешқашан мойындамайды. Сол себептен адам өзі, өз санасының ішінде «мен отбасыма және өзіме зияным тиіп жатыр», «менің уақытымның бәрі компьютерде, осында өтіп жатыр», «мен өз қаржымды бекерге жұмсап жатырмын», «мына ойын никотин секілді маған доза беріп жатыр» деген ішкі түйсігі болған жағдайда ғана емделе алады. Егер адам өзі түбегейлі мойындамаса, ол өзін де өзгені де алдап жүре береді.

    Жүргізуші:

    -Сол жолға түскен адамға жақындары қандай қолдау көрсетуі  қажет?

    Психолог:

    • Қандай жағдай болмасын, еш мәселе айқай-шумен, критикамен(сын айтумен), не оның жеке басын төмендетумен шешілмейді. Ең бірінші жылулық, махаббат, сезім, сенім білдіру, жақсы қасиеттерін қолдау  арқылы ғана дұрыс жолға түсіруге болады.

    Жүргізуші:

    • Сұхбатыңызға рақмет, сау болыңыз.

    Психолог:

    Назарларыңызға рақмет, сау болыңыз.

  • Татулық бар жерде береке бар

    Татулық бар жерде береке бар

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 31 тамызында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жеті төбе ауылдық округінің Күреңбел аулында өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • Батулық – береке бастауы

    Батулық – береке бастауы

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 27 тамызындаЖамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округінің Қарабастау аулында өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Ақ орамал» акциясы өтті

    «Ақ орамал» акциясы өтті

    Ағымдағы жылдың тамыз айының 27 жұлдызы күні Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Семей» полигонының жабылуының 30 жылдығына және Ата Заңымыздың 26 жылдығына, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ақ орамал» акциясы өтті.

    Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, жастар арасында мерекені атап өту.

    «Ақ» сөзі қазақ халқында қасиетті ұғымді білдіреді. Сондықтан да, нәресте өмірге шыр етіп келгеннен бастап, оның өмірі ақ жолға толы болсын деген ниетпен, акция аудандық перинетарлық орталықтан бастау алып, АХАЖ бөліміне жол тартты. Әрі ақ орамалдың киелілігін қазақ халқы бұрыннан қастерлеген. Жаугершілік заманда, аналарымыз ақ жаулықтарын ортаға тастап, екі елді бітімге шақырған екен. Осы жолғы шара да сол іздің жалғасы деугеде болады.

    Шара барысында, Мерік аудандық орталық кітапхананың директорының орынбасары Буркитбаева Айман Джойкимбековна мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері АХАЖ бөліміне неке куәлігін алуға келген жас жұбайлар мен аудандық аурухананың «Перзентхана» бөліміндегі аналарды құттықтап, ақ орамал жауып, арнайы сый-сыяпат табыстады.

  • Жастар заңбұзушылыққа қарсы

    Жастар заңбұзушылыққа қарсы

    «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында. Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Заң мен құқық» атты кездесу өтті. Заң — кез келген мемлекеттің негізгі құраушысы. Мемлекеттің бейбітшілікте өсіп өркендеуі үшін, халықтың еш бір қорқынышсыз күн кешуі үшін, қауіпсіздікте өмір сүруі үшін, ең маңызды компонент болып табылады. Полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасының аға инспекторы, Садыков Асхат Құрманғалиұлы студент жастарға арнайы лекциясын оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу ашық сұрақ — жауап форматында өтіп, студенттер қоғамдық күнделікті өмірде көріп жүрген, қылмыстық іс-әрекеттер туралы сұрақтарына жауап алды.
    Нашақорлық, қалта ұрлығы, қыз алып қашу, суйцид сынды қылмыстардың алдын алу, қылмыстың ізін суытпау, заттай дәлелдемелер алу, секілді жұмыстың барысы қалай жүретіндігі туралы ақпарат алып, студенттеріміздің құқықтық сауаттылығы артты.

    Мақсаты:
    — Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
    — Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
    Қатысушылар: Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының аға инспекторы Сыдықов Асхат Құрманғалиұлы пен Дулати университетінің белсенді студенттері.
    Жалпы аталмшыш іс-шараға 30-дан аса студент жастар қатысты.

  • Тілегіміз – тұрақтылық, ұранымыз – бірлік

    Тілегіміз – тұрақтылық, ұранымыз – бірлік

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе аулында өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • Татулық пен келісім — ел тірегі

    Татулық пен келісім — ел тірегі

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 25 тамызындаЖамбыл облысы Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округінде өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.