Hacked by CoupDeGrace
Greetz:
Hmei7, BrokenPipe, SimSimi, L4663r666h05t, AntonKil, d3b~x, Index Php, Mdn_Newbie, Sultan Haikal, Brian Kamikaze

В Жамбылской области состоялся семинар, направленный на профилактику коррупции и укрепление принципов открытости. В ходе мероприятия обсуждались вопросы совершенствования деятельности комплаенс-служб в сфере образования, предупреждения коррупционных рисков и повышения качества оказания государственных услуг.
В семинаре приняли участие руководители организаций образования, комплаенс-офицеры и сотрудники школ. Специалисты рассмотрели вопросы укрепления принципов добропорядочности и открытости, а также профилактики правонарушений.

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған семинар өтті. Жиында білім беру саласындағы комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Семинарға білім беру ұйымдарының басшылары, комплаенс-офицерлері және мектеп қызметкерлері қатысты. Мамандар адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, заңбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды пысықтады.

Достық үйінің көрме залы кезекті мәрте өнерсүйер қауымның бас қосатын рухани мекеніне айналды. Мұнда 2026 жылдың 18 қыркүйек күні белгілі қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, жерлесіміз Мухамет-Омар Паншаевтың «Туған өлке» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Экспозицияға суретшінің 20 туындысымен қатар, оның жолын қуған жас дарындардың — Шерхан Муртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы студенттерінің 30-дан астам еңбегі қойылған.
Көрмеге қойылған әрбір туындыда туған жердің табиғаты, ел тарихы, адамдардың жан дүниесі мен тағдыры терең ашылған. Жанрлардың әртүрлілігі мен суретшілердің өзіндік қолтаңбасы арқылы көрермендер қылқалам шеберінің жан-жақтылығын және жас қылқалам шеберлерінің зор талантын анық байқай алды. Көрмеге қойылған туындылардың атауы да сырлы да сырбаз өнердің тілімен сөйлеп тұрғандай. Атап айтар болсақ, шебер ұсынған жұмыстардың арасынан «Милянфандағы аула», «Көктем», «Ана» туындылары мен бірқатар этюдтер сериясын көруге болады. Ал университет студенттері ұсынған туындылардың ішінде Ерасыл Әлшораның «Еркіндік» және Лейла Құрманғалиеваның «Ұлы дала мұрасы» еңбектері көпшіліктің айрықша назарын аударды.
Салтанатты шарада қылқалам шеберін көрменің ашылуымен Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Олжабаев, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Амангелді Карентаев, Жуалы ауданындағы №1 Балалар өнер мектебінің директоры, мүсінші, «Тараз — Қазақстан Суретшілер одағы» ҚБ мүшесі Қанат Мұратаев, сондай-ақ Шерхан Муртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттермен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова арнайы құттықтады.
Шараға жиналған қонақтар суретшінің туындыларына жоғары баға беріп, оның ұлттық өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев көрмеге ерекше атсалысқан белсенді азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
«Туған өлке» көрмесі Атамекенге деген перзенттік махаббатты тек сөзбен емес, бояулардың сиқырлы тілімен де жеткізуге болатынын тағы бір мәрте айшықтап берді.

Появление малыша в семье дарит множество счастливых моментов, которые дополняются важным этапом — оформлением положенных пособий. Получить пособие при рождении ребенка родители могут через Государственную корпорацию «Правительство для граждан». За 8 месяцев текущего года единовременную выплату в связи с рождением ребенка уже оформили свыше 200 тысяч семей.
При этом лично обращаться за выплатой необязательно — услуга доступна в проактивном формате. После регистрации рождения ребенка родителю поступает SMS-уведомление. Достаточно подтвердить согласие на получение услуги и указать банковский счет – пособие будет назначено автоматически.
Наибольший объем выплат приходится на южные регионы и города республиканского масштаба. Безоговорочным лидером по количеству оформленных пособий стала Туркестанская область, здесь выплаты получили свыше 28 тысяч семей. Второе место занимает Алматы с показателем более 19 тысяч выплат, а замыкает тройку Астана, где государственную поддержку получили свыше 17 тысяч семей.
Сумма единовременной финансовой помощи от государства зависит от очередности рождения малыша. В 2026 году размер выплаты при появлении на свет первого, второго или третьего ребенка составляет 164 350 тенге, на последующих — 272 475 тенге.
Важно учитывать и срок обращения. Подать документы необходимо в течение 18 месяцев со дня рождения ребенка. По истечении этого срока право на выплату утрачивается.
Оформить пособие можно в отделениях Государственной корпорации «Правительство для граждан» — срок оказания услуги составляет до 7 рабочих дней. При подаче заявления через портал электронного правительства или приложения банков второго уровня выплата оформляется в течение 4 рабочих дней.

Сәбидің дүниеге келуі – кез келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.
Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан, жәрдемақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ға арнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жолданады. Жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.
Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстік өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екінші орында 19 мыңнан астам төлем рәсімделген Алматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласы түйіндейді.
Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмек мөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегіне байланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңге берілсе, одан кейін туған балаларға берілетін жәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды.
Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталған мерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығы жойылады.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күні ішінде, ал электронды үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.


Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.


Жеңіс Қасымбек «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында аясында Президентке осылай деп есеп берді. Одан бөлек, шаһар әкімі Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн. Ал Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады. Оның аясында 3,8 млн тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.