Автор: Админ

  • «Бірлік түбі береке» тақырыбында флеш-моб

    «Бірлік түбі береке» тақырыбында флеш-моб

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 7 тамызында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышыл ауылдық округінде, өзге ұлт өкілдерімен ынтымақтастықты арттыру және аудандағы ұлтаралық қарым қатынасты жақсарту мақсатында «Бірлік түбі береке» тақырыбында флеш-моб өтті.

  • Жастар өлке тарихымен жақынырақ танысты

    Жастар өлке тарихымен жақынырақ танысты

    Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі жастар үшін «Тарихқа шолу» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайында экскурсия ұйымдастырылды.
    Мұражай қызметкерлері музейдің экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағұлмат берді. Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден жас қатысушыларымыз тамаша әсер алып қайтты. Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті.
    Мақсаты:
    — Мүмкіншілігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін арттру.
    -Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайымен жастарды таныстыру, туған елінің тарихы мен мәдениетімен танысу.
    — Еліміздің тарихын, мәдениетін жастар арасында кеңінен насихаттау. Жастарымыздың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • Жастар арасында спорттық марафон ұйымдастырылды

    Жастар арасында спорттық марафон ұйымдастырылды

    Мүмкіндігі шектеулі жастар үшін «Morning work out» тақырыбында өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған спорттық марафон ұйымдастырылды. Марафон аясында бір ай бойы апта сайынғы сауықтыру жаттығуларын өткізіп тұру жоспарлануда. Апта сайынғы жаттығулардың алғашқы апталығы басталып, жастар белсенді түрде қатысты. Акция «Тектұрмас» этно мәдени кешенінінде ұйымдастырылды. Таңғы жаттыңулармен қатар жастар арасында мүмкіншілігі шектеулі жастар үшін арналған тренинг ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталды.
    Мақсаты:
    — Мүмкіншілігі шектеулі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
    -Жастардың денсаулығын шымырлатуға жағдай жасау.
    -Таңғы жаттығу жасау дәстүрін қалыптастыру.
    -Белсенді өмір сүрудің пайдасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

    М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі комитеті, «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығы бастамасымен, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылды.

  • «Көшбасшылық қасиеттер» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды

    «Көшбасшылық қасиеттер» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды

    Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі жастар үшін «Көшбасшылық қасиеттер» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Көшбасшылық – жекелеген дәрістер арқылы бойға қонатын өнер емес, эволюция жемісі. Бұл процестің я басы, я ортасы, я аяғы жоқ, бірақ бір-бірімен біте қайнасқан, рет-ретімен дамытуға болатын дағдылардан тұрады. Айталық, ресми және бейресми білімге деген қажеттілік; жіберілген қателіктерді қайталамау; алған тәжірибені ой елегінен өткізу; тәуекелге бел байлау және қателік жасаудан қорықпау; алда тұрған міндетті меңгеру. Осылардың бәрі де бір-бірімен біте қайнасқан эволюциялық біртұтас процесс.
    Іс-шара аясында қатысушыларға арнайы тренинг ұйымдастырылып, келесі іс-шараға арналған тапсырмалар берілді. Аталмыш тренингтің негізгі мақсаты жастардың өз-өзін қоғамда еркін, қысылмай ұстауына ықпал ету болып табылады. Аталмыш тренингтерді жалғастыру алдағы уақытта жоспарланып отыр. Бұл іс-шарадан бөлек: «Жеке өсу», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Форум театры», «Подсознание может все» тренингтері өтетін болады.
    Мақсаты:
    — Мүмкіншілігі шектеулі жастардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.
    -Жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
    -Жастардың қоғамдық ортада өзін еркін ұстауына жол ашу.

    М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Инкюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығы.

    «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі – психология магистрі, Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызы.
    М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ултанбаев Арнат Бегдалыұлы.

  • «Құқық бұзушылықты алдын алу – басты міндетіміз»

    «Құқық бұзушылықты алдын алу – басты міндетіміз»

    Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Құқық бұзушылықты алдын алу – басты міндетіміз» атты кездесу ұйымдастырылды. Қонақ ретінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының аға инспекторы Сыдықов Асхат Құрманғалиұлы келіп, такырыптық лекциясын оқып, жастармен сұхбаттасты.
    Кездесуде жастар арасындағы қылмыс көп болатыны, көп кездерде жастар қылмысқа абайсызда баратындығы айтылды. Спикер өз сөзінде жасөспірімдер арасында кең тараған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастардың көпшілігі өздерінің заңға қарсы әрекеттерінің ауыр немесе түзетуге қиын салдарын түсінбейтінін атап өтті. Іс-шара соңында оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.
    Мақсаты:
    — Жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
    — Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
    Қатысушылар: Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының аға инспекторы Сыдықов Асхат Құрманғалиұлы, волонтер студенттер. Жалпы іс-шараға 25 адам қамтылды.

  • «Денсаулыққа қамқорлық — ең жақсы дәрі»

    «Денсаулыққа қамқорлық — ең жақсы дәрі»

    Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Денсаулыққа қамқорлық — ең жақсы дәрі» атты жастар акциясы өткізілді. Акция барысында Дулати университетінің белсенді студенттері ат салысты Салауатты өмір салтын ынталандыруға, нашақорлық және алкаголь, темікіні пайдалануды қысқарту жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді қала тұрғындарына жеміс-жидектер таратып, денсаулыққа зиян тигізетін заттарды қолданбауды ескерті.
    Мақсаты:
    — Жастарды өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру.
    -Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
    -Жастарды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
    -Әлеуметтік желілерді кеңінен қолдана отырып, жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын ұйымдастыру.

    Қатысушылар: Қала тұрғындары, волонтер студенттер. 15 іс-шараға қатысушы волонтер жастар 40 жуық қала тұрғындарымен сұхбаттасып, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  • Жамбылда 252 мың гектардан астам жайылым пайдаланылмағандығы анықталды

    Жамбылда 252 мың гектардан астам жайылым пайдаланылмағандығы анықталды

    Жамбыл облысында жыл соңына дейін 82 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет қорына қайтару бойынша жұмысшы топтары құрылды.

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте арнайы топ жұмысының аралық қорытындылары сараланды.

    Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдалану тиімділігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін, әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің картасы әзірленгенін, жер заңнамасының нормалары бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалғанын жеткізді.

    «Облыс бойынша жайылымдық жерлердің жалпы ауданы 8,1 миллион гектар. Бұл өңірде тіркелген 860,2 мың бас шартты мал басына шаққанда 9 гектардан келеді. Егер қолда бар жайылым қорын тиімді пайдалана білсек, онда жайылым тапшылығын шешуге толық негіз бар», — деді Б.Көпбосынов.

    Оның айтуынша, жайылым тапшылығынан көптеген ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықтарында малды ұстауға қатысты ветеринария талаптары сақталмай отыр.

    «Осы мәселені шешу үшін аудан әкімдеріне бес негізгі бағыт бойынша шара қабылдау тапсырылды», — деді Б.Көпбосынов.

    Сондай-ақ, жер пайдаланушылармен меморандумға қол қойылып, олар иелігіндегі жерлерге мал жаюға кедергі келтірмеуге міндеттелды. Бүгінге дейін, 486,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалануға келісім жасалып үлгерді, жұмыс жалғасады. Қазіргі таңда 100 ауылдың жер пайдаланушыларымен осындай меморандумға қол қойылған.

    «Мұндай меморандум алғаш болып біздің облыста қолға алынып отыр. Бұл өзге де өңірлерге үлгі ретінде таралатынына сенімдімін», — деді басқарма басшысы.

    Бұдан соң, жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тамабек Әбілхайыр баяндама жасады. Ол зерделеу жұмыстарының қорытындысымен облыс аумағында 252 277 гектар жайылым жер пайдалынусыз жатқаны анықталғанын хабарлады. Әсіресе, бұл орайда Мойынқұм, Сарысу, Қордай аудандарындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді.

    Зерделеу барысында түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 269 891 гектар жайылымға мал басы тіркелген. Аумағы 6 124 гектар болатын 120 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке алынып, 11 630 гектар жайылымды пайдаланушылар өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды.

    А. Тамабек облыс әкімінің тапсырмасына орай жыл соңына дейін пайдаланусыз жатқан 82 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар бекітіліп, жұмыс жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Жартыжылдық қорытындысы бойынша жоспар 68 пайызға орындалған.

    Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық округ әкімдері ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы тұрақты түрде есеп беріп отырады. Сондай-ақ, аудан әкімдері жауапты басқармалармен бірге ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын толықтыру бойынша жұмыс жүргізеді.

    lenta.inform.kz

  • «Тарихы терең Таразым» атты респубикалық квест

    «Тарихы терең Таразым» атты респубикалық квест

       Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тараз қаласында Респубикалық «Тарихы терең Таразым» атты квест ойындары өткізілді. 

    Квестке еліміздің өңірлерінен және облыстың аудандарынан 10-нан аса командалар қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушы топтар құрамында талап бойынша жастар орталықтарының қызметкері, мемлекеттік қызметкер, мұғалім, волонтерлардан болуы қажет. Квест барысында қатысушыларға тарихқа толы Тараз қаласы туралы сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Іс-шара барысында қатысушылар арнайы әзірленген көліктермен қаламыздағы тарихи ескерткіштерімен, түрленене түскен Тараздың көрікті жерлерін қатар аралап шықты.

    Бұл квест ойыны барысында қатысушылар жылдамдықпен, шапшаңдықтан бөлек, ой жарыстырып, білімдерімен бәйгеге түсті. Қатысушыларға 10 нысан жасырынып берілді. Әр нысанда ұйымдастырушылар қатысушыға 5 сұрақпен тапсырма дайындап тұрды. Бұл қызыққа толы командалық жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік кәдесыйлар табысталды.

    Ойын қорытындысы бойынша барлық кезеңдерде жинаған ұпайларының қосындысы бойынша Бас жүлдені Атырау облысының командасы иеленсе,   1-ші орында Түркістан облысы жайғасты, жүлделі 2-ші орынды Алматы облысының командасы иеленсе, 3-ші орынды Нұр-Сұлтан қаласы және Ақтөбе облысының командаларын өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздармен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

     

  • «Бақыт балалар — бақытты болашақ»

    «Бақыт балалар — бақытты болашақ»

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай а.ж. маусым айында «Бақытты балалар-бақытты болашық» атты балаларға тәттілер сыйлау акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акция Тараз қаласы аумағында орналасқан Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өткізілді. Акция барсында саябақта серуендеп немесе ойнап жүрген балаларға тәттілер, шоколадтар үлестірілді. Сонымен қатар акция барсында балаларға 1 маусым қандай күні екендігі туралы, Қазақстан Республикасы туралы, Еліміздің президенті және Елбасы туралы «Президентіміздің есімі?», «Еліміздің Астанасы?» сынды бір қатар балаларға арналған жеңіл сұрақтар қойылды. «Жеңіс» саябағы аумағында балалардың барлығы дерлік ата-аналарымен жүргендіктен акциядан ата-аналары да құр қалмады. Балалары жауап бере алмаған сұрақтарға ата-аналары мен әжелері жауап беріп көмектескендерде  табылды. Тәттілерге риза болған балалармен олардың ата-аналары ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын білдіріп, осы сынды акция көбейсе халықтың көңіл күйі көтерілетінін жеткізді.

  • Жамбыл облысы: «Көкесі» мен «жәкесі» барлар мемлекеттік жерді меншіктеп алған

    Жамбыл облысы: «Көкесі» мен «жәкесі» барлар мемлекеттік жерді меншіктеп алған

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жердің шетелдіктерге сатылмайтынын, алайда барынша тиімді пайдаланылуы қажеттігін баса айтқаны белгілі. Бұған қатысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдікте өткен жиында «жер ешкімнің әкесінен қалған мұра емес» деп нақты ұстанымын білдірген болатын. Аймақ басшысы тіпті игерусіз жатқан жерлердің иесі кім болса да мемлекетке кері қайтаруды құзырлы мамандарға тапсырған. Мұндай талапты тапсырма бай-манаптардың қабырғасына батып, жон терісіне шоқ басқандай болғаны даусыз.

    Жамбыл облысы әкімдігінің Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, жыл басынан бері жүргізілген тексерістер талай сұмдық пен қулықтың бетін ашқан екен.

    «Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына орай, биыл игерусіз жатқан 70 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда басқарма бұл міндетті 86 пайызға орындап, 60 мың гектар жерді қайтарып отыр. Одан бөлек, Шу ауданында 13 474 гектар жер заңсыз берілгені анықталып, қазіргі таңда мемлекетке кері қайтарылды. Сонымен қатар 1 100 гектардан аса жерге қатысты басқарма тарапынан сотқа талап-арыз жолдануда»,  — дейді басқарма мәліметінде.

    Жалпы, Шу ауданында заңды белден басып, жерді заңсыз иемдену ашықтан-ашық жүргізілген. Олай дейтініміз – ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні жер конкурсы өткізіліп, 308 өтінім қаралады. Комиссия мүшелері 107 жер учаскесі бойынша 85 адамды жеңімпаз деп таниды. Алайда арада апта өтпей, аталған комиссия шешіміне қатысты 8 арыз келіп түсті. Оның біреуі – ұжымдық арыз. Мамандарымыздың тексеруінің нәтижесінде көптеген өрескел бұзушылық анықталды. Сондай-ақ 1 500 гектарға жуық жер тамыр-таныстықпен берілгені белгілі болды. Оның ішінде комиссия мүшесі бола тұра өзінің баласына немесе анасына жер алып берген фактілер бар.

    «Мәселен, Шу ауданы Шоқпар ауылдық округінің әкімі комиссия мүшесі болып өз баласына жер алып берген. Мемлекеттік қызметкерлердің жақын туыстары жер алмасын деген заң жоқ. Алайда өзінің туысы болғандықтан, округ әкімі мемлекеттік қызметтің тәртібі бойынша баласының өтінімін бағалаудан бас тартуға міндетті еді. Бірақ әкім өз баласына дауыс беріп, жерді иеленуіне қолғабыс етіп отыр. Сол секілді комиссия мүше болмаса да, аудандық мәслихат хатшысының комиссия отырысында отырып, соңы оның баласы жер алу фактісі тіркелді. Осы сияқты 107 қаулының заңсыз шығарылғанын дәлелдеп, біз қаулылардың күшін жою және бұзушылыққа жол берген жауаптыларды жазаға тарту туралы ұсыным бердік. Алайда аудан әкімі тек бір маманды ғана жазалағаны туралы жауап жолдады. Біз мұнымен келіспей, мемлекеттік қызмет нормасын бұзған ауылдық округ әкімі мен комиссия отырысында заң бұзушылықтарға жол берген комиссия төрағасын жазалау туралы қайта ұсыныс жолдадық», – деді басқарма басшысы Әбілхайыр Тамабек.

    Әбілхайыр Ғалымұлы комиссия төрағасының кеңес қағидасын бұзғаны видеоға анық түсіп қалғанын айтады. Демек, аталған факті бойынша Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров нақты шешім қабылдағаны жөн. Әйтпесе, «жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың ұшы аудан әкімі жағынан шығып тұр ма?» деген ой тууы мүмкін. Жуырда басқарма мамандары Жамбыл ауданына да тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 10 мың гектарға жуық жер бойынша құқыққа сыйымсыз қаулылар қабылданғанын анықтаған. Аталған факті бойынша қазір аудан әкіміне бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама жолданған. Оларға олқылықтың орнын толтыруға 1 ай уақыт беріліп отыр. Бұдан бөлек, мамандар Қордай ауданына да зерделеу жұмыстарын бастаған. Сондай-ақ жыл соңына дейін Байзақ ауданы да тексерістен өтеді деп күтілуде. Биылға осы үш аудан межеленсе, келер жылы қалған аудандардың да жер мәселесі майшаммен қаралмақ. Ал биыл жалпы 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп күтіліп отыр.

    Жалпы, Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы конкурсты өткізу комиссиясының жұмысын ғана тексеруге құқылы екен. Сондықтан мекеме қаулыны жою туралы жергілікті билікке ұсыным ғана бере алады. Егер аудан әкімі бір айдың ішінде нұсқаманы орындамаса, онда анықталған заңбұзушылықтар сотқа жолданады. Бірақ сот процесі басталғанға дейін де басқарманың басшысынан бастап, мамандарына дейін қоқанлоқы көрсетіп жататындар аз емес көрінеді.

    «Президенттің жастар кадрлық резервінен басқарманың басшысы қызметіне тағайындалған осы 9 ай ішінде Жамбыл облысында қарапайым адам жоқ па деген ойға келдім. Себебі осы мерзім ішінде мені қорқытқандар да, тіпті жұмыс орныма келіп қоқанлоқы көрсеткендер де аз болмады. Бәрінің әйтеуір «көкесі» мен «жәкесі» бар. Бірақ жұмысымызды облыс әкімі Бердібек Машбекұлының өзі қолдап, нақты тапсырмасын беріп отырғаннан кейін біз ештеңеден тайсалмаудамыз. Осы таңға дейін кәсіпкерлік мақсатта берілген жер учаскелерін тексеру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген екен. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жолға қойып, жыл басынан бері игерусіз жатқан 40 кәсіпкерлік нысан иелеріне 1 жылға нұсқама беріп, жер салығын он есе ұлғайту бойынша салық басқармаларына хат жолдадық. Игерусіз жатқан кәсіпкерлік жер учаскелерін қайтару бойынша 5 іс сотқа жолданса, оның 2-де жеңіп шықтық. 3 іс сотта қаралуда. Осы нысандардың қожайындарының да араға адам салып, мәселені жауып тастағысы келгендері болды. Ол аз десеңіз – бір ауданды тексере барсақ, жауапты мамандар құжаттар топтамасын жасырып, заңсыздықтарын көрсетпеуге тырысады. Олармен біз заң шеңберінде жұмыс істейміз», – деді басқарма басшысы.

    Басқарма басшысы аудандардағы негізгі мәселе жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту, тапсырылған жер учаскелерін мемлекеттік меншігіндегі бос жерлермен заңсыз айырбастау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді өзге мақсатта пайдалану сынды мәселелер жиі болатынын айтады. Ал Тараз қаласы әкімдігінің қабылдаған шешімдерін тексеруге басқарма құзыретті емес. Мұнымен Жер ресурстарын басқару комитеті айналысады. Десе де, егер жергілікті билік заңбұзушылықтарды анықтап берсе, басқарма шара қолдануға құқылы. Жыл басынан бері Тараз қаласы әкімдігінен жолданған ұсынымдар негізінде бүгінде жаза басқандар лайықты жазасын алған.

    Әрине, мемлекеттің жері әркім келіп бармағын батыратын майшелпек емес. Бұл – еліміздің қазынасы. Ал мемлекет мүлкіне заңсыз қол салу қылмыс саналады. Осыны аудан әкімдері мен жауапты мамандар түсінбей отырғанына таңбыз. Ақиқатына қарайтын болсақ, басқарма судың бетін қалқып еді, біраз былық бетке шықты. Егер түп тамырына үңілсек, талай басшылар мен шенділердің шектен шыққан тірлігі әшкере болатыны хақ. Осыдан сезіккен дөкейлер қазірден қысым көрсетіп жатқаны «сасқан үйректің…» керін келтіріп тұрғаны тағы ақиқат.

    «Әділін айтсаң, ағайынға жақпайсың» деген дана қазақ. Алайда шындық жоқ жерде сұмдықтың көбейетіні белгілі. Сондықтан басқарманың жұмысын бұқара бас бармақпен бағалайтыны даусыз. Әйтеуір, шындықтың отын үрлегендер шоғына өздері күйіп қалмасын деп тілейік…

    Саятхан САТЫЛҒАН

    «The Qazaq Times»